Өз ісіне қалай болса солай, жауапсыздықпен қарады д.м. ~ Осы уақытқа дейін бұл іске салдыр-салақ қарап келген қала қонақтары қазір жаппай төлқұжат алуға көшуде. БАҚ. ~ Ақ халатты абзал жандар олардың дәріден уланғанын білісімен аудандық ішкі істер бөліміне хабарлаған. Ал, таблетканы жарым-жартылай пайдаланған екі оқушыны періштелер қаққан болу керек. Бүгінде С. Зубареваға Қылмыстық Кодекстің 141-бабы бойынша, өз қызметіне салдыр-салақ қарады, адам денсаулығына абайсызда залал келтірді деген айып тағылып, қылмыстық іс қозғалған. БАҚ (“ЕҚ”)
