Posted in

САЛЫ СУҒА КЕТТІ

Көңіл күйі түсті, қапа болды; ұнжырғасы түсіп, кірпие қалды. ~ Иванов: — Олай болса үйіңе қайт, керек қылсақ, алдырармыз, — деді. Мұқаштың салы суға кетті, не айтарын білмеді. Ж.Айм. ~ Ал, сен сөйлеші, не болды өзі? Мына жұрт салы суға кетіп қайтты ғой? Ғ.Мүс. ~ «Балаға ара түсесің» – деп, Жұманның өзін сөкетті қылды. Не қылсын, салы суға кетіп, Жұман үйіне қайтты. Ж.Айм. ~ Әзберген түсі қабарып, түнеріп босағаға тізе бүкті. Ағасының кейпін көз қиығымен шолып еді, оның да меселі түсіп "салы суға кетіп" отыр екен. Қ.Жиен.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *