Бірден; әу дегеннен; әй-шайға қарамастан; әйт дегеннен. * Тергеуші мүдірді. Салған жерден өтіп тұратын сұрапыл әйелдерге тізгінді өздеріне бере отырып сөйлеспесең, беттен алып, төске шапқаны шапқан деп ойлады ол. Н. Дәут. * Ал оныңыз салған жерден тұлданып, бір нәрсесін өткізіп қойғадай, өзіңе қарай қарсы шабуылдайды. Қ.Жиен. * — Сен бе?! — деді бұл салған жерден. — Бұны жылатқан сенбісің?! Д.Әш.
