Posted in

САНАТҚА ІЛІНДІ (ІЛІКТІ)

Ел есептесетін халге жетті, жұрт назарына түсті, еңбегі еленді. ~ Бірақ ол өзінің қамқоршысы Ли Хунчжанның көмегімен қайтадан санатқа ілініп, осының алдында ғана жаңадан асақталған төрт армияның біріне қолбасы болып тағайындалған. Қ.Жұм. ~ Басқа жұрт, ең аяғы, қарайлас, көршілес, тағдырлас қырғыз, өзбекке дейін өлгенін тірілтіп, өшкенін тұтатып жатқанда біз ескілікті мүлде жауып қойдық, өткендегі тарихи тұлғалар, бұрыннан тиым салынған арыстар тұрыпты, ара-кідік санатқа ілініп жүрген кісілеріміздің өзінің жөн-жобасы айтыла қалса, қаншама айғай шығатын. М.Мағ. ~ Ел едің құт дарыған Есім Малай, Қыдырып қызығыңды көрдім талай. Арқаңда үрлеп ішіп, шайқап төктім, Қайтқалы бет түзедім елге қарай. Кең біткен етек-жеңі ағайын ең, Беріпті саған дәулет соған жарай. Балаңа бесіктегі белгілі ғой, Санатқа ілінбеген Қожан қалай? Ж.Жаб. ~ "Саясатты жазбай болмайды. Әсіресе жас ақын-жазушыға онсыз қиын. Саясатты жазбасаң, сені санатқа ілмейді", – дейтін. Осы ойын екі-үш рет естідім. Б.Нұрж.~ Дегенмен қолдарынан анау айтқандай түбірлі жанашырлық келмесе де, балалар үйінде тәрбиеленгендердің де ертең зіңгіттей- зіңгіттей азаматтар боп, санатқа ілігіп кететіндерін естен шығаруға бола ма?! Қ.Жиен.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *