Өкіндірді; қапы қалдырды. ~ Терең ой толғанысында отырған Мұхтар: — Мына сияқты батыр білек, батыл жүрекке, білім, ғылым ұласса не істер еді. Қайран қараңғылық, халқымызды сан саңлағына сан соқтырдың-ау, – деп орнынан тұрды. С.Бег. * Түу, пәтшағар, сан соқтырды-ау! — Уәлихан өкіне …. Жануар көзі шарасынан шыға жәутеңдеп, қос тізерлеп жатып қапты. А.Алт. ~ – Осы төңіректе бір алтайы жүретін. – Нысан Қармысқа іш тартқансып қулана көз қысты. -Талайды сан соқтырған бірішектің нағызы өзі-тін. Соны індеткеннен са умысың? Ө.Кәр. ~ Күнге күйіп, жаңбырға жанын төсеп, күшті жойған тыңайтқыштардың саны орнында болғанымен, сапасы ше? Сан соқтырып, сазға отырғызарлық. К.Әмір.
