Posted in

САРЫ АЛТЫНДАЙ

Сап-сары, әдемі, бағалы. * Бірақ соның ішінде қара жерге кіргенше ұмытылмайтын аяулылары болады. Ондай жандардың бейнесі, тот баспайтын сары алтындай, сенің есіңде сол өзіне ұнаған қалпында қалады да қояды. І.Ес. ~ Сол жарлардың бірінің төбесінде сары сырға боялған әдемі үй тұрады, сары алтындай болып жылтырайды. М.Дәул. ~ Сары құлынның сары алтындай болып жерге түсісімен бір аунап алып, лезде орнынан тәлтіректеп тұрып кеткеніне назарым түскен еді. Одан арғы тарихы ағайынға мәлім, – деп ол сөзін аяқтаған. К.Сег. ~ Әуелде адам мені тәуір бақты. Күнде қызылдатады. Кейде сапырып сары алтындай бал беретінін қайтерсің? Д.Қуат.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *