Posted in

САРЫ МАЙДАЙ ЕРІДІ

Көңілі босап, елжіреді, тебіренді. * Шіркін-ай деген. Кісіні тебірентер не қилы сыр болады ғой, Мақұлбек тап әлгі сөзді естігенде, сары майдай еріген, құрақ боп иілген. Қызды атына мінгізіп, өзі жаяу жетелеп үйіне апарып салған. Д.Дос. ~ «Қойсаңшы, қар!» – деп дауыс салған ханшасын құлашын керіп, қамшының астына алғалы оңтайлана беріп Аюке хан қалт кідірді. Темірдей дәті тапқа қойған сары майша еріді. Азынаған әйел даусы етінен өтіп сүйегіне жетті. Боркеміктеніп босады. Д.Дос. ~ Қолың сыңғырлардың жазған хаттарының түрін көрсең бар ғой, ішек бауырыңды елжіретіп, тұла бойыңды сары майдай ерітеді. Жүрегіңді жіпсіз суырып алады. Ойыңды матап, басыңды шырмап тастайды. Сен де сондай жемтіксің!» – дейді күйініп. Р.Рай.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *