Posted in

САРЫ ТОҚЫМ (ҰРЫ)

Ат үстінен түспейтін, әккі, қу, ұры. ~. «Қашан келіп, қашан кетті» десе бір адам білмейтін. Бұл адам айшылық жол Алтайдағы Оспан батырдан тіл алып қайтып тұратын, нағыз сары тоқым хабаршының өзі бола – тұғын. Ж.Ахм. ~ Көп болса: киімдері, ер-тұрманы ғана жаман; қолдарында сойылдары ғана бар. Ондай ұрылар жайында Абайдың естіген әңгімелері соншалық көп. Кейде, тіпті, сарытоқым ұры болған – ел ішіндегі үлкендердің өз аузынан естіген әңгімелері де ұмытылмайтын. Қайта, бір кездесіп, дәл жауға шапқан пішіндерін көрсем деген, іште жүрген ынтықтығы да болатын. М.Әу.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *