Қатты қайғырып, қапа болды, қайғы -шері тарқамады. ~ Аққайыңнан айрылғаннан кейін төре оны қайтқан бақтың белгісі болмағай деп сары уайымға салынатын… К.Сег. ~ Асылы, мен сары уайымға салынып отырған жоқпын. Менің көзім ертең не болатынына жетіп отырған жоқ. Б.Бұлқ. ~ "Таудай үлкен айыпты тарыдай ұят жуады, Манадан бергі жәйттарға кірленбес арың шуағы, Салынба сары уайымға, – деді ақындар пырағы, М.Мақ. ~ "Пендеде Құдайға тән қасиет жоқ. Мәңгі жасай алмайды… Қойшы, бәрін де талақ еттім! Сары уайымға салынып қайтем!" Т.Рыс. ~ Иматай Вахштың жағасында тұрып өткен өмірін ойлап, ауылда қалған бауырларының басынан өткеріп жатқан қиыншылықтарын ойлап, уайымға салынды. К.Өтж.
