Posted in

САРЫ УЫЗ

Сәби бала, нәресте. ~ Ақ жұмыртқа, сары уыз, Әлпештеп қолда есірген, Туған ұлдан не пайда: Қолынанайза алмаса, Атаның жолын қумаса! Махамбет. ~ Мейлі, әуелі келіншегіммен таныстырайын сені. Есімі – Рыскүл. Көкең физкультура институтында оқып, «Дончак» атым дүрілдеп жүргенде, бұл университеттің сары уыз студенті-тұғын. Ж.Шағ. ~ — Мен саған көрсетейін ғашық – машықты! Біреудің сары уыздай баласын алып… О несі – әй! Н.Сер. Жұмыртқаның ішіндегі сары қоймалжың. ~ Оны ол күйінде қалдырмай, ұқсатып, іске асыратын не нәрсе? Олжұмысты істейтін – қарын. Жұмыртқа ішінде ақ уыз, сары уыз болатынын білесіңдер. Сол ақ уыз жейтін тамағымыздың ішінде болады. А.Байт.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *