Дүниеқоңыз, мал жинаудан басқаны білмейтін, сараң. ~ Аты бәйгеден келгенге мәз, талтаңдап төрге шыққанға қалпағы қазандай балатын көп сасық байдың бірі болудан жалығып, көңілі басқа бір шүйгіннен тоят іздеді. Т.Сәук. ~ «Мен баймын» деп көкірегін қағып, мақтанғаны болмаса пайдасын, игілігін керуді білген жоқ. Сол бір сасық байлар сияқты малды пайдасыз ұстаудың бізге қажеті жоқ. С.Бақб. ~ — Бұл кімнің моласы? – дегенде, жанындағылар: – Бәленше деген байдікі деп жамырай үн қатқан. – Ақ қаймаққа қылшығын қосып жеген сасық бай! Тірлігінде кісіге қайырымы тимеген сасық бай өлгенде ешкімді де желеп жебемейді. М.Ерш.
