Posted in

САУДАСЫ БІТТІ

Құрыды, шаруасы тынды, сәтсіздікке ұшырады, аяғы аспаннан келді. * Бір сұлу официанткаға, шынымды айтсам, өліп – өшіп үйленіп едім. Оным сәтсіз болды. Басы – аяғы бір жылдай отасқаннан кейін екеуміз ажырасып кеттік. Әйтеуір абұйыр болғанда, баламыз болмады. Бала болса, онда менің саудам бітер еді. Б.Соқп. * Дәмелінің есіл-дерті көзінің тірісінде алдындағы Ақылжанды жау қылышына бермеу. Шаба-шаба ұзаңқырап кеттім-ау дегенде, көктен түскендей бүйірінен бір солдат шыға келді. Енді саудамыз бітті ғой деді ішінен. К.Қаз. * Орынсыз аяушылық – ойлы адамды өлтіретін осы! Айналадағы кісілер өзіңді аяй бастағанда саудам бітті дей бер. Адамдардың аяушылығы кездейсоқ ұшырасқан тіленшіге жаны ашығандай алдамшы дүние. Ж.Шағ. ~ Барақ байғұс, оның қасында тіптен әлсіз екен-ау… әлсіз… Әне, саудасы біткен, өлеңді ыңырсып қана айтып жатыр. Енді көп болса жарты сағатқа жетер күші, онан соң бітті. С.Мұр.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *