Posted in

САУЫРДАН СИПАДЫ

Болар-болмас көңіл білдіріп, жылы жүз танытты; қошеметтің ырымын жасады. * Қытайға көрсеткен шоласыз еңбегіне Жапан жәй ғана алғыс алды, құрғақ алғыстан басқа Қытайдың берері болмады, құр жынқолаңымен Жапан адамдарын сауырдан сипап қоя берді. Ж.Айм.* Көзін алартып, кеңірдегін сығып алудың орнына сауырынан сипап, ескерту, қатты ескерту сияқты жұмсақ шаралар қолданған болады. Одан әріге бармайды. Б.Соқ. * Ал күштілер мұндайда оларды ебін тауып, сауырынан сипап жуасытатын, не ақкөз қанішер жендеттерін төгіп, қан-жоса етіп қыратын. Бірақ халық бұдан қорықпайтын. І.Ес. * Сондықтан, ол ресейлік ескі, жаңа екі үкіметтің ісіне араласпау жағын қарастырды. Келгенді кекілінен, кеткенді сауырынан сипады. Ғ.Біл. * Арсылдап қотан қорыған төбетке де сіңірлі сүйек тастайтын. Едірейді де сауырдан сипап қойып, қолбала қылып ұстау керек. С.См. ~ Әсіресе бұлардың бажайлағысы келетіні: Келіншек таудан келген қоңыр аттың Шаң тимесі, Әулиеатадан келген ысытының қайсы аяғы. Иіні келсе, Шоңбай құдасының Торы алаяғының да сауырын сипап өтпекші. Т.Әл. ~ Үзеңгісін қысқартып, тартпаларын нықтап тартты. Бәрі де сәйгүліктерінің сауырын сипап, жонын қағып, мәпелеп жүр. Шабандоздар сайланып біткен. Б.Мом. ~ Араға Жамаш түсті. Ол сипаңдап, қипаңдап, тарпан шалдың сауырынан сипағандай болды. Т.Әл.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *