Жақындатпады, көңілі жібімеді. ~ Алматы – Астана әрі үлкен қала. Сондықтан болар, ана тілді жаулап алған орыс тілділер өктем екен. Ауылдар ана тілге алақабдан көрінеді. Орыс тілі сауырынан сипатпайды. Т.Рыс. ~ Кербұғының басын жерге салғаны тағ-дыр талқысы алдында біржола тізе бүгіп, тек қана аспандап, тек қана асқақтап жүретін тәкаппар кеуденің жер болғаны: кебік шашар тентек көңілдің кер болғаны. Ал жылдар бойы мүйізін берсе, сауырынан сипатпаған тұз тағысының осыншалық жуасуы – қор болғаны еді. О.Бөк. ~ Иса жарық құйылған шығар ауыздың табалдырығында тоқтап, маған бұрылды да, метр де сексен сантиметр қара бағанаға айналды. – Сауырынан сипатпады сабазың… М.Қаб.
