Секемшіл, өте сақ. ~ Жендетке қылыш қайрап дайын тұрған. Өлгені ит, есектің түнгі бір шақ, Мұндай шақ көп болады, сөзіме бақ. Құрылған тор-тозақтан құтылмасаң, Қарақтап сауысқаннан болсаң да сақ. БС. "Есекқырған". ~ Жетіншісі: – Сауысқаннан сақ болыңдар! – деп сыңғыр ете қалды. М.Қан. ~ Қырық шақты түп қарағаш, сол қарайлас жиде мүлгіген қыстаудың ашық алаңқай, қылта бұрылыстарын сүзіп, тінтіп шықты – Қарала көрінген жоқ. Сауысқандай сақ Голоножкин ат қораға тыққан шығар деп отыр. А.Сүл. ~ Кірпіктерін қайшылап, қанша қалқалайын десе де, қашанғысындай арасына ине шаншып қойғандай бағжиып, бақырайды да тұрды. Құлағы да сауысқандай сақ қалыпқа көшіпті. С.Үс.
