Posted in

САУ БАСЫНА САҚИНА ТІЛЕДІ

Пәлеге ұрынды; өзіне-өзі кесел сұрағандай болды; өзін-өзі дау-шарға ілектірді. ~ Осындай пенде шіркінді түсіну қиын. Қарап жүрмей, машақат тауып алатын өздері. Қайтесің енді, әркімнің көздегені әртүрлі. Әйтпесе, өзі де сау басына сақина тілемей, қаннен-қаперсіз теңкиіп жатпас па еді?!.. Б.Ыб. * Үкіметтің қырына ұшырап жүрген адаммен жұғысып, сау басына “сақина” тілейтін Айданақтың жөні жоқ-ау. Ғ.Біл. * Бұрын, «баланың дерті» деп қиналатын болса, енді сау басына сақина тілеп алды. Ғ.Слан. * … ту сыртынан әлдебір жат көз сығалап тұрғандай жан – жағына секемдене, жақтырмаған көзқарас тастап қойды. "Ақымақ неме!" — деді іштей. — Сау басына сақина тілеген есуас! Қ.Ысқ.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *