Ондай-ондайы жоқ емес. (Әлдебір әдеттен бұл кісі де ада емес деген мағынадағы кекесін). ~ Газет-жорналға бір-екі сөзі басылса, «жазушы», «ақын» екенмін деп, партия комитеті қол қойып, мөр басқандай-ақ, өзіне-өзі ден қойып алатын омырау жігіттер аз ба? Сондай болудан мен де сау кісі емеспін, неғып бола қояйын? Ж.Айм. ~ Мектептен кейін талай айтысқа қатысып, оларым аудандық, облыстық газеттердің бетін бермейтін. Кейін білдім, ол кезде мен де графоманиядан сау емес екенмін. З.Қаб.
