Бүтін жер қалдырмады; әбден бүлдірді. ~ Тәкең одан да сау тамтық қалдырмай, газеттің шалғайына пікірін қоса жазып, Әбекең Мәскеуге келіп қайтқанда аэровокзалда қолына ұстатты. Қ.Ыс. ~ Ауданнан әрең жетіп аяғы аспаннан келіп ауырып жатқан өкілге осы ауылдағы сорпа бетіне шығады-ау, жөн біледі ау деген жігіттерді отырса – опақ, тұрса – сопақ қылып сау тамтығын қалдырмаппын, іске алғысыз қылыппын. Д. Дос. ~ Күзгі нөсер әрқашан да ұсақ болады ғой, шіркейдей қаптаған тамшы Ағарыстың бетін тескілеп, сау- тамтығын қалдырмастан шоқылады- ай. Өзен бұған жөне кәндікті. О.Бөк. ~ Үш қанат желкөз баспаның туырлығы жұлдыз-жұлдыз: бүктеумен, жазумен, артумен, тігумен сұрғылданып, өзі үлдіреп тозығы жеткен құрымға қой сүйкеніп, лақ секіріп, сиыр мүйіздеп, сау тамтығын тастамады. Ж.Айм.
