Қойылған спектакль не басқа өнер туындысы туралы. ~ Қолына ұстаған домбырасын әнге келтірешертпегенмен, құлақ, күйін тартқан болып Тұрар да құйқылжыта жөнелді. Ел аузындағы аңыз-айтыс дастаны болып келген БіржанСара айтысы тұңғыш сайланып сахнаға шықты. С.Бег. ~ Алайда, үлкен талант иесі сахнадан түспейтін салиқалы туынды бергені бәрімізге мәлім. «Майра» пьесасы сахнаға шыққалы көп жылдар өтсе де, әлі көрермендер құрметіне бөленуде. С.Дәу. Сахна төріне аяқ басты, өнер көрсетті. ~ Бірақ залдағы қалың жұрт қызық көріп, «қатыссын, қатыссын!»деп дүрсе қоя берді. Көпшіліктің тілегі орындалып, Иса тездете басып сахнаға шықты. А.Жақс. ~ Бұл уақыттың ішінде Сәкен туралы талай әңгіме естіді. Соның бірі: Сәкеннің өлеңі, әні, домбырасы. Жастар клубта Сәкеннің жырын жырлап, әнін шырқайды екен. Сәкеннің өзі кейде сахнаға шығады екен. Т.Әл. ~ – …Жұрттың көсемді ішінен тынып күткені, ол сахнаға шыға келгенде бүтін залдың ду қол ұрғаны, көз құйрығы күлімсірей түсіп, «болды» дегендей сұқ қолын шошайта қалып төмен сілтеп, қобалжыған жұртты кілт тоқтата қойғаны ауызбен айтып жеткізерлік зат емес. Х.Ес. ~ Өзгелерде несі бар, сахнаға шыққан сайын Шырынкүлдің жүрегі есебін тауып әйтеуір, бір дір ете түседі. Қ.Жиен. 3. Алдыңғы қатарға шығып, жұрттың назарын өзіне аударды. ~ Мейізгүл солай тайраңдап жүре тұрсын. Әке тепкенде басына қатты зақым тиіп, жарық дүниеге жылай алмай, үнсіз келген ұл бар емес пе еді, енді сахнаға сол шықсын, сол бала. Ә.Тар. ~ Бұл шыңды оралысымен оның тасасында тұрған, осы сияқты теңізге төнген екінші шың сахнаға шығады. Ол шыңның етегінде, теңіз ішінде үлкен жартас тұр. Мұны «Скала парус» деп атайды. М.Им.
