Біреді кемсіту, қорлау, аузын жауып тастау ретінде айтылады. ~ – Осы сенен басқа келін қайынатасын сағынбайтын шығар.
Әй, баласы мен сағынбай отырғанда, саған не жоқ?! Б.Ыбыр. * Оны пәлендей ел адамдары қақпайлап: «Әй, саған не жоқ?»
— демейді. М.Сүн. * – Ә, Ерден Сандыбай ұлы, Тұрлыбек керей ақсары құрсарының таланған малына жаны ашып, қимасы
қышитын шығар, ал бағаналы, саған не жоқ? С.Жүн. * — Әй, пұшық неме! Саған не жоқ! — деп қазақ шалы едірейіп шыға
келіп еді, шалдың көңілін аулағысы келді ме, серігі: — Биыл аю мен қасқыр деген жыртылып айырылады, — деп назарын
бөліп жіберді. Қ.Ысқ. * ─ Жарайды, жарайды, айтысты қояйық. Тағы кім жазылады? – Бәйдәулет тізерлеп маңайына
мойнын соза қарады. – Ау, ана жақта… Бөкен, сен не? Басқа басқа, саған не жоқ, а? Т.Әбд. * Екі төсектің бел ортасындағы екі ақ жастық: «Саған не жоқ, ей» дегендей, екі құлақтары едіреңдеп, маған қарай қалысты. Ә.Нұрш.
