Неше түрлі түске бөленді, сан қайтара өзгерді. ~ Жаңағы өздері үн салып, көрініс беріп, қаша жөнелген екі атты бұлардың көз алдында сағымдай құбылып, бозғыл көденің ішінде жоқ болды да кетті. М.Әу. ~ Ел не? Ел – жақсымен ел. Басшысы
болмаған елде елдік бар ма? Сағымдай құбылып, сабындай бұзылып, іріп-шіріп өте барады да? М.Әу. ~ Жылдар жылжып
өткен сайын, оның қол созып жүрген арманы – сағымдай құбылып, сарсаңға толы сан алуан күндер түгіл, жылдардың өзі жылмия түсіп жылыстап, білінбей ғана өтіп жатыр. С.Ғабб. ~ Сағымдай құбылып қарақтайтындары – хандық. Қарақан қара басына қажетті тақтан өзгені қаламайды. Бақ қонған, бата дарыған ірілігін салғастырғанда сабаларына симайды. C.См.
