Намысын аяққа басты, қорлады, бетін қайтарды. ~ … сөйтіп, тәкаппар ақынның қарын сындырмақ болған мырзаның өзінің
сағын сындырғанына іштей шүкіршілік етті. О.Сәрс. ~ … ат жетер жерге түгел хабар салып атығай-қарауылдың игі
жақсыларын түгел жиып, қызының да, елінің де сағын сындырмай жөнелту еді ғой. С.Жүн. ~ — Білгір тұқым ең… Білгірлігіңе
болайын! Кінәлінің тілі қысқа ғой. Тілім қырқылып отыр! Айтпағанымды өзің ұқ. Сағымды сындырмас деп, санаңа сеніп келіп ем… Ж.Ахм.
