Posted in

САҚАДАЙ САЙЛАНДЫ (САЙЛАДЫ)

Қару-жарағын барынша жарақтап, әзір қылып қойды; дайын тұрды. ~ — Ұмтыл, қаптат елдi! Ойран ет! – деп, есiктен өзi де жүгiре шықты. Тыстағы Дәркембайлар, әлдеқайдан, қысқа шоқпар, дырау қамшылар тауып ап сақадай сайланып та қалған екен. М.Әу. ~ Үшеулеген бұлар өздері де бұқпантайлап, тіпті еңбектеп тағы бір қалыңға жетіп аялдасты. «Кәне, мылтықтарыңды кезеніп, сақадай сайланыңдар» деді Бұлғақбай. Ұ.Досп. ~ Суық  хабарды  естіген  Бөлен жайлауда  шоғырланып  жақын  отырған елден жүз жігітті сақадай сайлап, атқа мінгізді. Ә.Шәр. ~ Жау жарағын сақадай сайлап, мұздай темір құрсанып, жортқанда жолым болсын деген ниетпен Байшұбардың мойнына тұмар тақты. А.Сей. ~ Қос сапысын сақадай сайлай кеткен тәнсақшысына: «Рауан!» деп Матаби алақанымен тоқтам көрсетті. Н.Ауд.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *