Жасы үлкендігін алға тартты, құндады. ~ Ортамызға түскен олжа ат төртеу. Осылардың таңдағанын сіз алыңыз. Әбеке, ішіміздегі ақсақалымыз сіз ғой, – деді. -Жоқ, қарағым Сатан, менің осы жолда олжаға үлкен болып сақал бұлдар жайым жоқ, таңдау сенікі… І.Жанс. ~ «Ағашың шіріп жатыр екен» деп бастықтардан бұларды сұрар болса – сақалын бұлдағандай көреді тағы. Ондайға Бекеңнің намысы жіберсін бе… Ә.Асқ. ~ Қызда – қауіп, бұл күнде ұлда алаң бар, Түлкі заман бүлкілін кім бағамдар? Ішігінің астарын індетіп жүр Інісіне сақалын бұлдағандар. Ж.Ерм.
