Posted in

САҚАЛЫН ЖҰЛДЫ

Зарланды, жылап-сықтады. ~ Әкем мойнымнан үдере құшақтай алды. Еңіреді, егілді, өксіп- өксіп жылады. Жыпжылы жасы бетіме бұлаудай парлады. Өз көзіне өзі нанбай, біресе құшып, біресе құлағын салып, біресе сақалын жұлып, күрсілдеп, солқылдап, ышқынып еді кеп-кеп… Ж.Айм. ~ Ары өтіп, бері өткенде бір аят құранын қимаған бабасының моласына дейін таласып, ата жұртқа еншілеспін дегенді мойындату үшін: анау жерде пәленшемнің сүйегі жатыр, мынау жерде түгеншемнің мүрдесі бар деп бірі көзіне жас алды, бірі сақалын жұлды. Қ.Ысқ. ~ Баяғыда Сәрсенбі жарықтық, жатқан жерің торқа болғыр, сақалын жұлып, бармағын шайнап: «Мен өлгенде кім жылайды? Артынан жаны ашып жылаған адамы болса, шын дүниеде, таң мақшарда құдайдың мейірімі түседі екен. Мен өлгенде кім жылайды?» –  деп өкіргенін өзім көрдім.

Қ.Ысқ. ~

Қосқаттың асты терең сай еді. Күрбек сол биіктен бұта- бұтаны қармай, тіке төменге құлдилапты. Қабыл қасына жақындағанда сақалын жұлып айғай салып жылап отыр екен. Ү.Жәл.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *