Posted in

САҚАЛЫ БЕЛІНЕ (БЕЛУАРЫНА) ТҮСКЕН

Жасы жетіп, шал болған,  қартайған д.м. ~ Сақалы беліне дейін түскен орыс соқаның үлкен, өткір пышағының артында жалаң аяқ жүр. С.Дос. ~ Жастарды жас делік, ал сақалы беліне түскен Жапабай шалға не жорық? Басы таз…— деп еді, таздың жаманы жата қалып ат үркітеді деп еді, сол рас болмағай. Қайдағы бір жыр-мыр деп, екі жігіттің қолтығына су бүркіп отырғанын қарашы! М.Қаб. ~ Сақалы белуарына түскен, сексен жасар Бейсенбай қарт пен жетпіс алты жасар, сақал– мұртын қырып жүретін, жігіттей жинақы жүретін Пірәли қарт тос түйістіріп, құда болуға уәделесіпті. Ә.Тар. ~ Үйдің тура ортасында сақалы белуарына түскен, шамасы жетпіс жастан асқан шал аппақ дамбал– жейдемен лаулай жанған оттың алдында көзін тарс жұмып, ерні тоқтаусыз жыбырлап, күбір– күбір етіп отыр. Қ.Мүб.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *