Posted in

САҚПАННЫҢ ТАСЫНДАЙ

Оқтай жылдам, ауыр. ~ Сенің немерең екі таяқпен зорға сүйретіліп келді, балаң таяққа сүйеніп келді, сен таяқсыз келдің, көзің шоқтай жайнап тұр, тісің түп-түгел, пышақтай өткір, сөзің ап–анық сақпанның тасындай, денең қунақ, кескінің жақсы, пішінің түзу, бұл неліктен мұнша екі түрлі болды? – деді. А.Байт. ~ Ту баста сақпанның тасындай зымырап барып, шапшып тік көтерілген қыранның иесін шақырғандай шаңқылдап, төбеде дөңгелек айналып ұшқанына да қарамай, мықынын таянып, бүгіліп отыра кетті. Ғ.Біл. ~ Сонда таң қалғаны есі шала болып қалса да, әйелдің де соншалық сүйсінгені, дәл бір мына қызықты алғаш көріп отырғандай, тәуіптің ірі сүйекті құрықтай денесін екі қара санының арасында сақпанның тасындай қағыстырып, зар қақтырды. Н.Дәу. ~ Мекен ғып адамға берді Алла, Қонақтың бір түстік асындай. Осындай сыналар жер бар

ма? Ұшуда сақпанның тасындай. Д.Бай. ~ Әмірбектің айтқаны тура келді. Доданы қақыратып, біреу көкпарды өрге қарай алып шыққанда, ол бүйірден қосылып, сақпанның тасындай сарт ете қалды. Т.Әл. ~ Бірақ, естілуінің өзі құлаққа сақпанның тасындай ауыр тиетін осы сөздің мәніне терең бойлап әуре болмағаныңыз анық. Ө.Ақж. ~ Әне, сұлу да ықшам “Ягуар” сырғып кеп тоқтап еді, әйнек үйден ұзын тұра секпіл бет, жирен бала сақпанның тасындай атып шықты. Машина иесі баламен іштен сөйлесті. М.Қаб. ~ Құрдасыңның мойнында зіл батпан налаң бар, білемін. Кешегі сақпанның тасындай сартылдаған қырғиынан бұл күнде отбасының бақырайған байғызына айналдық. Д.Дос.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *