Posted in

СЕГІЗ ҚИЫР ШАРТАРАП

Адамды қоршаған шексіз кеңістік, бүкіл әлем, дүниенің төрт бұрышы. ~ Жетінші тілек тілеңіз, Желкілдеген ту келіп, Жер қайысқан қол келіп, Сонан сасып тұрмасқа! Сегізінші тілек тілеңіз, Сегіз қиыр шартарап Жер тұлданып тұрмасқа! Тоғызыншы тілек тілеңіз, Төреңіз тақтан таймасқа! Бұхар ж. ~ Қосының болсын қазақтан, Сегіз қиыр шартарап, Төрт құбылаң түгел боп, Төріңде отыр, салмақтан. Он екі айда жаз келер, Көктемеде қаз келер. Бұхар ж. ~ Бір-біріне дұшпан, үйірлігі жоқ төрт нәрсенің басын біріктіріп, сонан жасады. Тоғыз жолдың торабы, сегіз қиыр шартарап, төрт бұрышы түгел он түрлі қазына орнатып, төрт жүз қырық төрт жердей бекіту салып, үш жүз алпыс (алтмыш) өзен ағызып, он екі жерден даруаза жасап, мешіт те — өзінде, базар да — өзінде, көше орамлар да — өзінде, бау ағаш та — өзінде, — жерде не болса, бәрі өзінде; көкте не болса, бәрі өзінде; ексе, бітпейтін; қуса, жетпейтін; ауызбен айтып болмайтын қылып жасады. БС "Қазақтың түбі". ~ Әдебиеттің «Сегіз қиыр шартарап» ғаламында өзінің сәруар сәулелі әлемін жасайтын қаламгерлер сирек. Бұл шапағатты бақыт кез келгеннің маңдайына бұйыра бермесе керек. Қ.Аман. ~ Мәселен, Пушкин күзді жақсы көретінін, шабытының күзде тасқындайтынын айтып өлең жазады. Абайға бұл – тақырып емес. Дәстүрдің шектеуі. Тақырып жөнінен кейде дәстүрден шығандап, құрық үзіп кете алмайтын Абай, аудармаларында «сегіз қиыр шартарапты» шарлайды. Т.Шап.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *