Күдік септі, алаңдатты, үрейлендірді, шүбәландырды. ~ …жан-жағына алақ-жұлақ қарайды; бірақ бүкіл үйде бұның кеудесінде дүрс-дүрс соққан жүректен басқа сезік туғызғандай өзге дыбыс жоқ. Ә.Нұрп. ~ Мен Бетпақтың шегіне жеткізіп, өзінің бәсіресі кек жорғаны жетелеп қайттым. Әрине, ат мінгізіп, тай тіркеп жіберуге де болады, сезік тудырмайық дегеміз. М.Мағ. ~ Жұрт көзі түгіл, қамкөңіл кемпірінің секемшіл түйсігіне де сезік тудырмағанымен, санадағы сағыныш табы әредік бір бұлқынып қалып, осалдық білдіретін сияқты. С.См. ~ Қоралардың бәрінің де қақпасы жабық, тек ең шеткі біреуінің қақпасы ашық. Сол үңірейіп тұрған есік сезік шақырды да бұлар аттың басын тежеп жүрісті тез баяулатты. Із бұларды сол ашық қақпаға алып келді. Ә.Әб.
