Көңіл көтеріп, сауық құрып, сайран салды. ~ Е, колхоз бізді сейіл-серуен құр деп қостап шығарып отырған жоқ. Оны сен тегі шам қылма, Оспанқұл, білдің бе? — деді. М.Әу. ~ Ал мұны бастан кешпей сауық-сайран, жеңіл-желпі сейіл-серуен құру — серілікке жатпайды. Өйткені серілік басқа, секектеу басқа!.. И.Сап. ~ Сол шектеулі сызық арқылы өтетін қозғалыс екі жақты болды, жұрт көңілдестік танытып, әуелі бір топқа, сосын екінші топқа қосылып, әрлі-берлі сейіл-серуен құратынды шығарды. В.Расп. ~ Өздеріңіз де білесіз, бұл арада телегей-теңіз шалқып, үлкен кемелер жүзеді әлі, жұрт сейіл-серуен құрады… В.Расп. ~ Біздің барған кезіміз соғым уақыты еді. Олар жеңіл шанаға қос-қос ат жегіп, сейіл – серуен салады екен. С.Бег
