Posted in

СЕКСЕУІЛДЕЙ ҚАТТЫ

Иілмейтін, сынбайтын, сіресіп қалған. ~ Екіжүзділік ездің еншісі деп білетін. Түз тағысындай мықты, сексеуілдей қатты еді. Б.Құр. ~ Оның бейнетқор қазақ екені күнге күйіп, желге тотығып көнтектелген бет-жүзінен, сексеуілдей қатты, қарулы қолынан-ақ көрініп тұр. Ш.Айт. ~ Жұмысқа тарағандар, Сырбайдың бұл қылығына әртүрлі баға берісті. -Мынауың сексеуілдей қатып қалған бірдеме екен қой!.. — десті біреулер, – мұнда әкелік жүрек жоқ екен ғой! С.Мұқ. ~ Парманбектің желге тотыған, көнтектелген бет-әлпетінен бейнетті еңбекті, сексеуілдей қатты, қарулы тарамыс қолдарынан талай жүген ұстағаны байқалып-ақ тұр. АҚ "Сексеуіл".

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *