Қызара маздаған, жалынды. ~ Аттылар жүріп кетті. Байдалы бағанадан үндемеген еді. Енді ғана Бөжейге қарап: – Екі көзі сексеуілдің шоғындай жайнап тұр екен өзінің… – деді. М.Әу. ~ Бірақ, тағы да бірақ не – алқызыл күн сексеуілдің шоғындай жайнай шығып, шың басынан төккен сарғыш саулесі оның бойына жылылық бағыштады. Ж.Шәк. ~ Алпамыстың өзі де көрген жанның көңілін толтырып, сексеуілдің шоғындай жайнап өсіп келе жатыр еді. А.Сей. ~ …керек жерде кәдеге жарататын ақыр заман ылпың–жылпың қулығы, нар жығар қаруы мен өткір, сексеуілдің шоғындай әмісе жайнап тұратын көзі аса таңырқатқан–ды. О.Бөк.
