Молынан төгілді, лақ етті. ~ Анау жатқан өлкені Өрлей қонған ел еді, Өлкенің суы сел еді, Селдей аққан мал еді, Белдеуде тұрған кер басты Екі енеге тел еді. Ж.Айм. * Әзима апай жігіттің жан дүниесіндегі алай-дүлейді елемеді, қарыштай жөнелді. — Отау жайын ойлайтын жасқа жеттің, қарағым… Осы төңіректе сөз селдей ақты. М.Қаб. ~ Гулесіп азаматтар көшкен елдей, Ағызды сөздің майын аққан селдей. – Әттең-ай! – деді сонда Әбдіқапар, – Әліби қалған екен нағып келмей?! С.Тұрғ.
