Күмән келтірді. ~ Сонда да Саймасаева апайымыз аса сақтық жасап, қырағылық танытып, аудандық ауруханадағыларға сенімсіздік білдіріп, біздің Бәтесіміздің бетінен отын шығарып, перзентханаға да апарып тексертіпті. М.Байғ. ~ Ақымақтанба, бала, — Макар мақтанышын да сездіре күлді. — Сенін бұл істеп жүргеніңді мен осыдан он екі жыл бұрын атқарғанмын. Сол Макарға сен қазір сенімсіздік білдіресің, ә?! Ә.Сәр. ~ Қадамыңыз бен құлашыңызға да, қарысыңыз бен сүйеміңізге де сенімсіздік білдіріліп, әлдеқайдан линейка табылып, алдымен метрлеп, дециметрлеп, сосын сантиметрлеп өлшенді. М.Байғ. Дегенмен Сергеевтің бірден сенімсіздік көрсетіп, жауапқа шақырғаны ішіне тас-түйін болып қатқан еді. Б.Тоғ. ~ Ма-шянь гон Керімбекке жаят етіп: – Шыңжаңдағы ұлттар теңдігіне бірдей көңіл бөлген бе?.. Олай болса сен неге үнемі тісің қарысқан сенімсіздік көрсетіп жүрсің?! Ж.Ахм. ~ Денем дір ете қалды. Бақтыгерей маған әдейі сенімсіздік көрсетіп, қаладан көмек шақырмақшы. Б.Тоғ. ~ Жүрегім жарыла жаздап: «Ол біздің ағай!» – деп қалғаным. «Ағаң болса ауыл қарасын неге көрмейді?» – деп маған сенімсіздік көрсетті. Б.Тоғ.
