Posted in

СЕНІМ АҚТАДЫ

Тапсырылған жұмысты, артылған үмітті ойдағыдай атқарды. ~ Партияның сенімін ақтадың, көптеген жұмыс істедің және барғаныңа да көп жыл болып қалды. Адам бір орнында отыра берсе, етене боп міндетіне салқындап кету қаупі бар ғой. І.Ес. ~ Дер кезінде жасағымен жау артынан келіп тиіп, жеңіске көп көмек көрсетті. Қысқасы, бұл басшылар әр қайсысы да өз тараптарынан, халқының сенімдерін ақтады. І.Ес. ~ Өзің бері қарашы, 37 жылы осы жылқы екеумізге тапсырылған күні мен саған не дедім, есіңде ме? «Ей, Дәдебай, партия мен өкімет екеумізге сенген екен, енді екеуміз сол сенімді ақтайық. Ә.Әб. ~ Соны теріске шығару үшін жарқ етіп бой көрсетіп сенімді ақтаймын деген жақсы ниетпен Нагорныйдың кеңсесіне дәмеленіп кірген-ді. С.См. ~ Бастық «Жақсы, ә?» дегендей орынбасарына бұрылып менмен қарады. – Жуықта бөлім бастығы ғып қойдық. Сенімді ақтаған түрің осы ма? М.Қаб. ~ Иә, сол бір аяулы адамның сенімін ақтау үшін – ақ, бұл толып жатқан жұмыс істеуі керек еді. Қ.Жұм.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *