Құрбаның болайын, құдай басыңа қайғы бермесін д.м. ~ Біз сөзден қалғалы қашан. Ағайын, ашсаң – аяңда, жұмсаң – жұмырыңда болушы едік… Сенің табаныңа қадалған тікен мандайымызға қадалсын деуші едік… Ж.Айм. ~ Күнім-ай, ботам- ай, соншама түйсіз биіктен құларлықтай жаныңа не зор туды екен. Сенің табаныңа батқан шөңге, менің маңдайыма қадалса болмай ма?.. Ә.Ыб. ~ … мен сені жанымнан артық санадым. Өзің білесің, сенің «табаныңа қадалатын шөңге менің маңдайыма» деп талай тіледім. Ж.Нәжім. ~ …Сен үшін ізденбекке бел байлағам. Сенің табаныңа кірген шөгір біздің мандайымызға қадалсын, деген еліміз сен емеспісің. М.Әуез.
