Көмектеспеді, пайдасы болмады. ~ Саңғал киізден сығалаған аңғал шуақ Ақбілектің бетіне түсіп, жайраңдаса да, телегей аққан жасын құрғатуға септігі болған жоқ, жанын жанышқан қараңғылық қараңғы дүниені аңсатты. Ж.Айм. ~ Ерсіліқарсылы уқалап жын соққан торғай бастандырып, шашымды да дудыраттым. О да түкке сеп болмады. Ж.Айм. ~ Сансыз көп әскер төгіп, құртымдай айыропландар ұшырып, титімдей түтік жаудырып, қайткелі жүргенін қайдан білсін. Өкіметтің жарнамасы түкке де сеп болған жоқ. Ж.Айм. ~ Әкем марқұм айтып отырушы еді: "Жаманның мал табуға кемдігі жоқ, бірақ адамдыққа септігі болмайды, – деп. О.Сәр.
