Сергіп, марқайып, рухтанып қалды. ~ Арыздасқаннан кейін де жазылып кетуге болады екен ғой деген бір үміт жүрегімізде тұтанып, кәдімгідей серпіліп қалдық. Т.Әбд. ~ Елге жетіп, жақын- жуықтарымен қуана қауышты. Аз ғана күн ауылдан ұзағанда елді, жерді қатты сағынып қалыпты. Ауылдың ауасын жұтып, суын ішіп, кәдімгідей серпіліп қалды. Ү.Жәл. ~ Тынши қалған жұрт Павлодар трактор заводының көтеріңкі міндеттемесі туралы киножурналдан жыланбауыр көк тракторларын танып әжептәуір серпіліп қалды. К.Хам. ~ Көңіл күйі де бүгін өзгешелеу екен. Теңертең әжесі ескерткен бір жай жан дүниесін аударып, басқа бір арнаға салып жібергендей болған-ды… соның арқасында аржағына саңлау жүгіріп, сәлде болса сергіп, серпіліп қалды. С.Үс.
