Қылжақбас, қалжыңқой, сауықшыл, істеген ісінде пәтуа жоқ, жылпостау жігіт. ~ Тірі жанға құрбы боп жап-жасында-ақ, Қалжыңдамақ, қасынбақ, ыржаңдамақ, Бет-аузын сөз сөйлерде жүз құбылтып, Қас кермек, мойын бұрмақ, қоразданбақ. Осындай сидаң жігіт елде мол-ақ, Бәрі де шаруаға келеді олақ. Сырын түзер біреу жоқ, сыртын түзеп, Бар өнері – қу борбай, сымпыс шолақ. Абай. ~ Әрине, «бет-аузын жүз құбылтқан», «қас керіп», «қоразданған» даңғой, тыраш бейшараның тырақы болмысын көз алдыңызға елестетіп, еріксіз күлетініңіз рас. Бірақ Абай оның портретін жасағанда, оны келеке ету үшін, мазақ қылу үшін жасамаған. Қайта, оның портретін «осыңдай сидаң жігіттің елде мол-ақ» екенінен жаны күйініп, жүрегі өртеніп отырып жасаған. Бұл жердегі күлкі – күйзеліс күлкісі. Т.Мед.
