Posted in

СОЙЫЛҒА ЖЫҚТЫ

Ұрып-соқты, жазалады, сойылмен ұрып, сабады. * Разбескіде Күзектің тыққан малын көрсетіп, сойылға жығып, есесін екі қайтарды. Ж.Айм. ~ Бірақ ақ бөкенге екі ырғып жететін ақал-теке, текежаумыттар бұларды қарасына да ілдірмеді. Қобыланды, Қамбар батыр секілді шапқанда аузымен құс ілетін тұлпарлары бар он шақты батырлар ғана соңдарынан қуып жетіп, жүзге таяу адамын сойылға жығып түсірді. І.Ес. ~ Сондай жайттың бірі – Қазақ телевизиясының елу бес миллион ақшасын алып кеткен оспадарлардың жіберген қателіктерін тап басып тауып берді: сыбайлас, телекомпанияның жүргізушісін құр ғана сойылға жықпай, бір-екі апта ауруханада нашар халде жататындай етіп, өлмес жеріне пышақ салу керек еді. Ә.Ыб. ~ Әйелі олай өтіп, былай өтіп: — Тұрсайшы, енді, – деп күйеуінің бетіне жалтақтайды. Сойылға жығып, тазыны тастап кетсе таяқ жедім деп өкінбес еді. Тілге де келмеді-ау. Үмітсіз жанарын көкжиекке қадап, өкініштен өртенген өзегін оң қолымен сипалады. К.Жүн.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *