1. Соқтығыс-қақтығысқа қолдың алдыңғы қатарында жүретін ұр да жық атқамінерлер, майталман сарбаздар. ~ – Бұл былай да лып еткелі тұрған өрт еді, – деді Есеней, – соны тұтатып жіберуге Өтейдің қозысы себеп болды. Сылтау табылды. Енді осыны пайдалану керек. Сен – «жаубасарлап», мен – «ұшпайлап» екі жақтан ұран шақырсақ, Керей, Уақтың сойыл соғар еркегінен атқа қонбаған жан қалмайды. С.Мұқ. ~ Баймырзадан қалайда өш алуым керек. Қалай алам? Баймырза жалғыз жүрмейді, ылғи да сойыл соғар нөкер жиып жүреді. Ендеше, маған да нөкер керек. Б.Соқ. ~ Бұзатын кім заманды? Айлашыл алаяқтар, іштей ірітіп, елдің берекесін кетіретіндер, ұрда- жық ұран шықса, алдыға түсіп, сойыл соғарлар бұзады заманды,- деп үйдегілерді елең еткізді. Т.Рыс. ~ Ауылдағы сойыл соғар дәрмені бар жігіт-желең мен отағасын Қыземшекке аттандырып, жүз үйлі ауылдың қатын-қалаш, бала-шағасына өзі бас боп қалғалы бері каратель отрядтың ат тұмсығын кеудесіне әйтеуір бір тірерін Төрехан біліп те жүрген. А.Сүл. ~ Көшкен жұртта қалғандай құлазыған үйде бұдан әрі бөгелуді жөн санамаған Анике қалыңдығын ертіп, Жаһан сілтеген сілемге беттеді. Шыңғырбайдың биігіне жеткенде Сұлушоқының етегінде сойыл соғарлар қым-қуыт қайшалысып жатты. Ә.Ыб. 2. Біреудің (ханның, байдың, болыстың т.с.с) айтқанын істеп, айтағына көнетін барып кел – шауып келі, қолшоқпары. ~ Тарихи деректерге қарағанда, қазақ феодалдарына, беделді адамдарға арқа сүйеген Жәңгір хан, сол кезде халық арасында беделді Исатай Тайманұлын да өзіне тілеулес, өзінің сойыл соғар биі етуге тырысқан. С.Мұқ. ~ Досболдың тілеуіндегі жуан ауылдың көбі бұның ыстығына күйіп, суығына тоңбақ болып, өзді-өзі ауқымындағы кедей-кепшіктерін де қолтығынан шығармай сойыл соғар ғылып, әзірлеп жүрген. М.Әу. ~ Абай қыстауының оңтүстік жағында жиырма бес шақырымдай жерде Орда деген тау бар. Оны қыстайтын Мамай батырдың тұқымдары солардың бір старшыны Еламан, Байшора деген екі атаның баласы. Еламан сексен үй, Байшора жиырма үй. Ол заманда кімнің сойыл соғары көп болса азға зорлық етеді. Әрх.Кәк. ~ Жоғарыда отырғандар оларға “тәйт” десе, бәрі де індеріне кіріп кеткендей жым болмай ма? Олар тек әлгі лауазым иелерімен талантты қабылеттілердің қол шоқпарлары мен сойыл соғарлары. Т.Мед. * Ендігі жерде Абай бастаған үкімет сойылын соғарлар Құсман мен Құдабайды қатарынан ұстауға кіріседі. Ж.Шәк.
