Posted in

СОЛ ЕКІ ОРТАДА (АРАДА)

Дәп сол мезетте; ә дегенше болмады; қабаттаса. ~ Таңертең әкем оны жақсылап сөгіп салып, басқа бір ауылға бір аптаға аттандырып жіберді. Сол екі ортада әжем енді Момынқұлын сағынып: – Әй, әлгі тентек неме қашан келеді? — деп қайта- қайта сұрай бергені ғой, жарықтық. Б.Мом. ~ — Осы мойылыңмен-ақ шаршаттың-ау, — деп қабағын кіржің еткізсін. Сол екі ортада екі иығы солқ-солқ етіп, теріс бұрылған күйі жаңа ғана ішкен шайын түк қалдырмай ақтарды да тастады. Д.Әш. ~ Абырой болғанда, елес боп шықты, алдында Ерден де, Дәнекер де жоқ. Сол екі арада қара бұлттай жаман ойлар қайта қаптайды. Екі апта бойы осындай халде. Жатса да, тұрса да осы. К.Қаз. ~ Екеуміз аялдамадағы отырғышқа барып, демаламыз. Мен маңдайыма жағылған күйені қалай сүртіп тастауды ойлап, сол екі арада бір айла таба қоямын. М.Қаб.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *