Posted in

СОЛ СЕБЕПТЕН (СЕБЕПТІ)

Әлдебір жағдайдың алғышарты, себеп-салдары хақында. ~ Сол себептен болу керек, тоғай бойындағы қыз, келіншектер де мені елей сөйлейтін болды. І.Жанс. ~ Қызына адам салып елін жинап, Қойсын деп үгіт айтып үміт еткен. Жетіру тегіндікпен кетпейді деп, Жинаған бар адамын сол себептен. "Қыз Жібек". ~ Сол себепті күндегі дағды бойынша дастарқан айналасына Сүйіндіктің барлық балалары да, бәйбішесі де отырғанды. М.Әу. ~ Табиғаттағы адам тіршілігі әсіресе, өсімдіктер дүнесімен тікелей байланысты болады. Сол себепті өсімдіктер сан – алуан образдардың эталоны ретінде тілдегі троптар мен фигураларда кеңінен қолданылады. Ө.Айт. ~ Нұрбикенің күйеуінен төрт-бес жас үлкендігі бар-тын. Сол себепті де былайғы көзге Ахтан әйелінен жасамыстау боп көрінетін. Ө.Кәр.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *