Әлдебір жамандыққа аяқ басты, өзін-өзі итермеледі. ~ Нұрқан. Жол біліп, жөн сілтері жоқ, бір сор түртіп жүр, не қыласыз. Жүзтайлақ. Ажалды киік адырға деп, қаза түртіп жүрген де. М.Әу. ~ Түйе балуан мен Балуан Шолақ ұстасарда «анау жіңішкені, анау жуан езіп тастайды – ау! – дескен еді Ғалияның қасында тұрған жұрт, – жіңішкені сор түртуін қарай гөр!» Ғалия да осы ойда болды, бірақ оның тілегі, танымаса да жіңішке жігітке ауды. С.Мұқ. ~ Білгенімді бір қара көз бауырыма үйретсем, сол да пайда деп бармай қойды ғой! Өз дегені болмаса көнбейтін қыңыр адам. Бәлкім осы сор түртті ме екен. Т.Сәу. ~ Аудан секратары қарқылдап күліп кетті: — Иә, иә, менің құлағымның орнына сенің құлағың кететін шилі өзек деген ғой. Ха – ха – ха …Өзің де тыныш отырмадың емес пе? Сор түртті ғой. Әйтпесе саған сол күні тұк те жоқ еді. Ж.Сәм.
