Зор денелі, еңгезердей, пісіп-жетілген дардай жігіт. * — Бас орнында болмаса міне көз, колхоздың көзі де орнында. О да міне ашылып қарап тұр, – деп Қасенді нұсқағанда, қатындардың бәрі тегіс үп-үлкен денелі, соқталдай жігіт Қасенді "көз" ғана дегенге мәз болысып күлген еді. М.Әу. * Есейіп, соқталдай жігіт болғанмен, Бала батыр лақпыты сақтала беріпті. Саймасай батырдың жылқысын бағып, ер жетеді… Ш.Құм. * ~ Тұрыңыз! Мұныңыз не? – деді соқталдай жігіттің тізерлегеніне ыңғайсызданып, құлағына дейін қызарып кеткен Олжас. С.Дос. * Бұлардың: «Қарттарға көмектесуге барамыз»,- дегеніне Қарлығаштың іші жылып, мерейі өсіп қалды. Марат, Жанар, Асылжанның әрқайсысы оның көзіне соқталдай жігіт сияқтанып көрінді. С.Ом. * – Қой енді, көкесі! Бір жолға ашуыңды маған бер. Машина деген темір емес пе? Сол темір үшін бауырыңның көңілін қарайтпа. Соқталдай жігітті төмен етек әйелдердің алдында сабап, сағын сындырма! Біз көрмесек етті! Ә.Тар.
