Posted in

СОҚЫР ТИЫН

Еш құны жоқ; қара бақыр. * Соқталдай бір азаматқа сол жылдарда соқыр тиын ақысыз, пұлсыз істеп бергенінің сыртында қыз әкесіне Әли де бір ат, бір сиыр беріп, сабаудай екі азамат — өздерінің тапқан-таянғандарын тірнектеп соған өткізумен болған. Ж.Ахм. * Мынау нарық заманында уфілеу-суфілеу, жалап-жұқтау сықпытты либерализмнің пұты соқыр тиын! Ғ.Қабыш. * Жалғыз балаға көлеңкең түспеген соң, сенің секретарьлығыңнан маған соқыр тиын. Сен де бір, шүршіт те бір. М.Қан. * Машинаға бес жүз қойды тиеп болғанша, мен Қазаншұңқырға бес жүз қадам жақындап қаламын. Скотобозыңды ала кет! Маған оның қажеті соқыр тиын! Қ.Ысқ. ~ – Бұл деген сұмдық қой! Жабулы қазан, жабулы қалпында қалсын дейтіндер түптің-түбінде бір есеп берер-ау тарих алдында. Халықты қызыл қырғынға ұшыратқан ұлылықтың құны соқыр тиын. Ө.Кәр. ~ Бәлем, әкең келсін. Дәдеңді сонда бергізермін. Құдай-ай, осы арамды қайтейін деп жүр, ә! Соқыр тиын құрлы пайдасы болсайшы бір. О.Елс.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *