Жұрттың өсегіне қалды. ~ Бірақ Бекен кім көрінгенге ұрына кететін тым тәртіпсіз еркек емес-тін. Мысық жүрісті сақ жігіт көңілдесінің соңына сөз ертуді жек көретін. Ө.Кәр. ~ – Бұл өтірігіңді менен басқаға айт! Сіз жездеңіз Шәкей марқұмның да соңына сөз ертіп, үстінен арыз айдағансыз. Сіздің бізге және райкомға жолдаған домалақ арызыңыз – бір қоржын. Ө.Кәр.~ Еңсеп келе-келе Бигелдінің де соңына сөз еріп, түсіп қалғанын көрді. Оны болыстықтан құлатқан көзі тұздай, жирен сақал Шоңмұрын би еді. Ә.Кек. ~ Қысқасы, жеті жыл бойы Гүлзина жалғыз. Жеті жыл бойы бір еркектің бетіне тіктеп қарамаған, соңына сөз ертпеген аппақ қардай адал жан. Ә.Асқ. ~ Бәрінен де бұрын хас ше- берлігіне сызат түсіп, соңына сөз ереді. «Е, оны қойшыны» екінің бірінен естиді. Ө.Кәп. ~ Соғыс ардагері, екі бірдей арысын жауға берді, бөтеннің ала жібін аттамай, соңына сөз ергізбей адалынан еңбек етті. Ә.Асқ. ~ Оның жалтарай-бұлтарайы Ұзаққа ғана аян. Соңына сөз еріп аузы күйген сақа сері жортуылды саябырсытқан кәрі көкжалдай көріне шабатын кеудемсоқтықтан тыйылып, ізін жасыратын сақтыққа басқан-ды. Ө.Кәр. ~ Кейінгі патшалардың уағында жарықтықтың соңына сөз ілестіріп, әрі итеріп, бері жығып дегендей, айтпаған сөзі қалмай "тас жүрек қатыгез!", "миллиоңдаған адамның қаны мойнында!", "жеке адамға табынудың тұғыры!" деп, "момындардың арасынан халық жауын мыңдап, миллиоңдап атқызып үлгерді" деп… Д.Дос.
