Posted in

СОҢЫНА ШЫРАҚ (ЖАРЫҚ) АЛЫП ТҮСТІ

Қыр соңына түсіп, қудалады; басқан ізін аңдыды. * Болыс он бес күннен бері тыныштық алған жоқ. Әлі де Бақтығұлдың соңына шам алып түскендей болып келеді. М.Әу. * Яғни, адамзаттың досы – біздің соңымызға шырақ алып түскен үшінші бөлім екен ғой. М.Мағ. ~ Біреулер әлдебір себептермен шырақ алып соңына түскенде, көтере алмады. Жүрегіне жара салынды. Ең жақсы көретін ұлынан айырылды. М.Байғ. * Тани кетті. Мынау, апырау, өзі ғой. Баяғыда соңына шырақ алып түскен дұшпандарынан жасырынып, тау ішінде Касар мергенге еріп қашып-пысып жүргенде тап осындай еді ғой. Ә.Кек.* Биыл салықтан 50 қарасын жасырып қалды. Әрқайсысына айтып түсіндіріп жүріп, ауылнайға протокол істетіп, сотқа беріп едім, ақырында Құдайберген деген өтірік куә болып, жазасын жеңілтіп жіберді. Енді соның өшін алу үшін осы күні менің соңыма жарық алып түсіп жүр. Бүкіл елді қарсы қылуға айналып барады. Б.Майл. ~ Амантайдағы жағдай күннен- күнге қиындап барады. Аудандық милиция начальнигі болып, Амантай қазақ, болысының бұрынғы тілмәші, қаныпезер Егор Язов қойылған. Көрінеу тарпа бас салмағандарымен біздің соңымызға жарық алып түскен. С.Ом.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *