Кейінгі уақытта. * Анау әр ауырған сайын күйіп-пісетін. Жайбарақат, сабыр сақтап жүргені – соңғы әзірде. Нақ сол жолы тіпті немқұрайды қараған тәрізденді. Ж.Нәж. ~ Рас, «Ештен де кеш жақсының» игілігін Сафуан да аз игеріп жүрген жоқ. Бәлкім «Ағалар алақанының» шарапаты шығар, соңғы әзірде десеңіз де, ақыры осы кітап үшін Қазақстанның мемлекеттік сыйлығы да берілді. Сафуан, Тахауиларды халық өз жазушымыз деп танығалы қашан.. Х.Ерғ. ~ Қыз отауын осындай қалың тобыр, сумаң тіл, сұқ көзден қағыс ұстауға қосқан әміршінің өз ләмі еді. Кербез де әке ұйғарымына дән риза-тын. Өзін тұтқын сезінгені – соңғы әзірде. Бас жылқышыға көңілі ауғалы ғана. Ж.Нәж.
