Сол ғой; сол емес пе д.м. * – Еркектің түрі не керек? Ақылды, өнерлі болса, асырап сақтауға жараса, тұз-еңбегі жарасса, со дағы… – деді. Ж.Айм. * Ертең қыстау-қыстауға кетеміз де, қыс бойы інге кіргендей жатып қаламыз. Қатынның күні со да. М.Әу. * Орайы келсе солардың тап ортасынан ұшырармын. Жатқан жерін көрсететін атой белгі со да. Ал енді тарт, шырағым, жолың болсын! — деді. М.Әу. * "Қатар-құрбыдан кем болмай, ел ішінде қарайып жүрсе, со да керегі". Ә.Тар. * Әлсіздер қала берсін, соқпақ жолдың үстінде жүндей түтіліп бода-бода, Өмірдің қызығының өзі со да! С.Бақб.
